Тарихымыз
1999 жылы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен және тікелей қатысуымен «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамы құрылды. Акционерлік қоғамның құрамына қаланың екі жылу электр орталығы, жылу және электр желілері кірді. Жарғыға сәйкес Компанияның негізгі қызметі жылу және электр энергиясын өндіру, тасымалдау және іске асыру болды. Жекелеген кәсіпорындардан біртұтас энергетикалық жүйені құру астана мәртебесін алған Астана қаласын тұрақты энергиямен жабдықтаудың маңыздылығын арттыруға байланысты болды.
Жаңадан құрылған «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген басты міндеттердің бірі – елорданы үздіксіз және сенімді энергиямен жабдықтауды орындауда үлкен жауапкершілік жүктелді.
«Энергетика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылдаған Еліміздің электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамыту тұжырымдамасы «Астанаэнергосервис» АҚ жұмысының қолданыстағы үлгісін түбегейлі қайта қарауды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданыстағы қызмет түрлерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру мақсатында акционерлік қоғамды қайта құрылымдауға іс-шараларды жүргізуді талап етті. 2003 жылдың наурыз айынан бастап «Қалалық электр желілері» АҚ «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамының құрамынан шығарылды. 2004 жылдың бірінші желтоқсанынан бастап елорданың энергетикалық кешенінің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану үшін «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамында «Астана-Энергия» АҚ (жылу және электр энергиясын өндіру), «Астана-Теплотранзит» АҚ (жылу энергиясын тасымалдау), «Астанастройэнерго» ЖШС (жөндеуді орындау) еншілес кәсіпорындар құрылды. Тиісті бейіндегі негізгі қорлар еншілес және жаңадан құрылған кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына берілді.
Өткізу қызметі жеке меншік нысанындағы «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС-ға берілді.
2005 жылдың қаңтарында «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС Қазақстан Республикасында бірінші болып «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талабын орындап, қаланың энергетикалық кешенінен шығып, нарық жағдайында дербес энергиямен жабдықтау қызметін бастады.