Жалпы үйлік қажеттіліктер
ЖҮҚ-та тұтынылған электр энергиясының шығыстарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұтынушылар төлейді. Пәтер иелері төлемдерді өздері жүзеге асыруы немесе ПИК немесе қызмет көрсетуші ұйыммен шарт жасасу құқығын беруі тиіс.
ЖҮҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ЖҮҚ-тың толық жазылуы жай ғана: жалпы үйлік қажеттіліктерді білдіреді. Электр желілеріне қосылған әрбір үй белгілі бір мөлшердегі энергияны алады, ол әр тұрғынның пәтерінің ішінде тұтынуға да, жалпы қолдану орындарында тұтынуға да арналған. Пәтерде тұтынылған электр энергиясы жеке есепке алу құралымен есептеледі. Жалпы үйлік қажеттіліктерге пайдаланылған электр энергиясы (ЖҮҚ) бөлек есепке алу құралдарымен есептеледі және төлемге ұсынылады.
Түбіртектегі ЖҮҚ-тың сомасы тек кіреберістерді жарықтандыру үшін төлем емес. Бұған сонымен қатар жылу тораптарын, лифт қондырғыларын (кабина мен лифт шахтасындағы шамдарды қоса алғанда), домофондарды, бейнебақылауды, айналым сорғыларын, үйлердің жоғарғы қабаттарына су айдайтын сорғыларды, баспалдақтарды және үй жанындағы аумақтарды, шатырлар мен жертөлелерді, яғни үйде жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ететін және үй-жайдың барлық иелерінің ортақ меншігі болып табылатын барлық электр жабдықтарын жарықтандыруды энергиямен жабдықтау шығындары кіреді. Әрбір көп пәтерлі үйде электр жабдықтарының жеке жиынтығы бар және энергия шығындарын талап етеді, олар ЖҮҚ ретінде төленуі керек.