Шарт жасауға арналған құжаттардың тізімі
Көппәтерлі тұрғын үй қорының тұтынушысына «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен тұрмыстық тұтынушының жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасау үшін келесі құжаттар қажет:
- Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);
- Пәтерге/үйге меншік құқығын белгілейтін құжат (сатып алу-сату, сыйға тарту, жекешелендіру шарты және т.б.) немесе осы мекенжай бойынша тұру құқығын растайтын құжат (жалдау шарты, қызметтік пәтерді бөлу туралы шешім/бұйрық) (түпнұсқа және көшірме);
- Техникалық паспорт (түпнұсқа және көшірме);
- Егер тұтынушы тұрғын үй-жайдың меншік иесі болмаса, сенімхат пен сенім білдіретін тұлғаның жеке куәлігі қажет (түпнұсқа);
- Мемлекеттік дерек қордан тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер*
Жеке сектордағы тұтынушыға «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен тұрмыстық тұтынушының жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасау үшін келесі құжаттар қажет:
- Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);
- Тұрғын үйге меншік құқығын белгілейтін құжат (сатып алу-сату, сыйға тарту шарты, жерге акт және басқа) немесе осы мекенжай бойынша тұру құқығын растайтын құжат (жалдау шарты және өзге) (түпнұсқа және көшірме);
- Техникалық паспорт (түпнұсқа және көшірме);
- «Астана-Теплотранзит» АҚ берген салынып жатқан немесе қайта жаңартылатын нысанның әзірлік анықтамасы (түпнұсқа);
- Шекараны бөлу актісі (түпнұсқа);
- Техникалық шарттар (көшірме);
- Егер тұтынушы тұрғын үй-жайдың меншік иесі болмаса, сенімхат пен сенім білдіретін тұлғаның жеке куәлігі қажет (түпнұсқа);
* Шарт жасасу үшін құжаттарды қабылдау кезінде ақпаратты Компания қызметкерлері дербес жүктейді. Бұл ретте тұтынушы мобильді азаматтар базасында міндетті тіркелуі қажет. Тіркеуді өз бетінше жасауға болады (egov.kz порталындағы «Жеке кабинетте», «Телефон» бағанында телефон нөмірін көрсету немесе өзгерту және өз ЭЦҚ-ның іс-әрекетін растау қажет).