БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС өз қызметінде ашықтық саясатын ұстанады және әрқашан барлық мүдделі тараптармен – тұтынушылармен, корпоративтік серіктестермен, инвесторлармен, мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық ұйымдармен ашық диалог жүргізуге әрқашан ұмтылады.
Инвесторлармен, мемлекеттік органдармен және тұтынушылармен ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету мақсатында «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС келесі негізгі қағидаттарды мәлімдейді:
- Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезіндегі жоғары ашықтық деңгейі;
- Қаржылық есептіліктің транспаренттілігі;
- Компанияның инвестициялық дамуы ашықтығының жоғары деңгейі;
- «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС-ның дамуы бойынша жоспарланатын іс-шаралар туралы барлық мүдделі тұлғаларды сенімді және жедел мәліметтермен қамтамасыз ету.
Компания өзінің беделіне ерекше көңіл бөледі және бұқаралық ақпараттық құралдармен белсенді ынтымақтасады. «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС баспасөз орталығының ең маңызды міндеті – компанияның қызметі туралы неғұрлым егжей-тегжейлі, жедел, объективті мәліметтердің бұқаралық ақпарат құралдарында қалыптасуына ықпал ету.
Бұл бөлімде сайтқа кірушілер Компанияның ағымдағы жаңалықтарымен және пресс- релиздерімен, басшылық өкілдерінің сөз сөйлеуімен таныса алады. Одан басқа, бөлім электр- және жылу энергетика нарығында не болып жатқанын білуге мүмкіндік береді.
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС баспасөз орталығы Компания қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды сауал бойынша ұсынуға, «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС басшыларымен және жетекші қызметкерлерімен сұхбат ұйымдастыруға көмек көрсетуге дайын.