Өнім берушілер мен мердігерлерге
Құрметті өнім берушілер!
Бұл бөлімде «Қазақстан Республикасының резиденттерімен тауарларды жеткізу шартының үлгілік нысаны» орналастырылған.
Компания табиғи монополия субъектісі болғандықтан өз қызметінде монополиялық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын («Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI Заңы) басшылыққа алады.
Барлық ресурстарды сатып алу қолданыстағы заңнама талаптарының есепке алынуымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары» сатып алу рәсімін өткізу кезіндегі тәртіпті, мерзімді, сондай-ақ қойылатын өзге де талаптарды анықтайды.