Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС-ның сөзсіз басымдықтары - тұтынушылардың, серіктестердің және Компания қызметкерлерінің мүдделерін сыбайлас жемқорлықпен байланысты қауіптерден қорғау; бизнестің ашықтығын арттыру.
Егер Сізге:
сыбайлас жемқорлықтың, алаяқтық пен ұрлықтың алдағы немесе орындалған фактілері туралы; сатып алу рәсімдерін жүргізу кезіндегі бұзушылықтар туралы; лауазымды тұлғалардың қызметтік бабын теріс пайдалануы және өкілеттіктерін асыра пайдалануы туралы; материалдық залал келтіретін немесе келтіруі мүмкін немесе «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС-ның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін басқа да әрекеттерді жасағаны туралы белгілі болған жағдайда
Бұл туралы «Жедел желіге» мына электрондық пошта бойынша дереу хабарлауыңызды сұраймыз: Hot_line@aesbyt.kz
Сіздің өтінішіңіз Директорлар кеңесіне бағынатын және Компания басшылығына тәуелсіз жоғарыда көрсетілген департаментке жедел түрде келіп түседі.
Барлық хабарламаларды жеке қол қойып немесе жасырын түрде жіберуге болады. «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС басшылығы жіберушінің жеке басын анықтау үшін ешқандай шара қолданбайтынына кепілдік береді. Сізден алынған ақпарат егжей-тегжейлі зерттеліп, тексерілетін болады.
Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша саясат