Мүдделі тараптармен өзара іс-әрекет
Тұрақты даму жүйесінің маңызды элементі мүдделі тараптармен өзара іс-әрекет болып табылады. «Астанаэнергосбыт» ЖШС өз қызметінің жоғары қоғамдық маңыздылығын негізге алып және тәуекелдерді азайту мақсатында мына корпоративтік мінез-құлық: ашықтық, сенімділік және Қоғамның қызметі туралы ақпараттың толықтығы, барлық мүдделі тұлғалардың мүдделерін есепке алудың толықтығы, осы мүдделердің көрінуіне жедел әрекет ету қағидаттарына сәйкес барлық мүдделі тараптармен өзара іс-әрекетті кеңейтуге және тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
Негізгі мүдделі тараптар |
Іс-шаралар кешені |
Қызметкерлер
|
Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қамтамасыз ету; Компанияның қызметі туралы қызметкерлерді хабардар ету; Кәсіби дамуға ықпал ету. |
Жергілікті Қоғамдастықтар
|
Кәсіпорын қызметінің әсері; Тарифтік сметаларды бекіту бойынша жария тыңдаулар; Кәсіпорын қызметінің әсері; Жылыту маусымына дайындық; Тарифтік сметаларды бекіту; Инвестициялық бағдарламаны орындау. |
Мемлекеттік органдар және бақылаушы органдар
|
Тарифтік саясат; Өңір мен қаланың дамуына ықпал ету; Жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету; Инвестициялық міндеттемелерді орындау. |
Өнім берушілер, мердігерлер, клиенттер
|
Өзара тиімді серіктестікті қалыптастыру; Тендер өткізу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету. |
Оқу орындары
|
Кәсіпорын үшін персоналды іріктеу; Түлектердің тәжірибеден өтуі және жұмысқа орналасуы. |
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)
|
Активтерді жаңғырту және жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпараттандыру; Әлеуметтік жобаларды іске асыру. |