
Заңды және оларға теңестірілген тұлғалармен жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасау тәртібі
Жылу энергиясымен жабдықтау шарты заңды және оларға теңестірілген тұлғалардың өтініші және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 декабря № 211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес ұсынылған заңды және техникалық құжаттар негізінде жазбаша нысанда жасалады:
Құжаттың атауы |
Құжатты алу көзі |
Бас директордың атына жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасауға өтініш; |
Тұтынушы |
Жеке кәсіпкердің куәлігі (көшірмесі), жеке куәлігі (көшірмесі). |
|
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі) не тіркелеген заңды тұлға, филиал немесе өкілдіктер туралы анықтама |
|
Мемлекеттік мекеме құру туралы уәкілетті органның шешімі |
|
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары (жарғының не ереженің көшірмесі) |
|
Ұйымның бірінші басшысын (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін) қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттың қосымшасымен жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаға бұйрық, сенімхат (көшірмесі) |
|
Жеке куәлік (көшірмесі) |
|
Деректемелер (электрондық поштаның мекенжайын көрсетумен) |
|
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама (көшірмесі)және/немесе нысанға құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі |
|
Жылу энергиясы бойынша техникалық құжаттар:
|
КТҚ нысандары үшін құжаттарды тұрғын үйге қызмет көрсетуші ұйым береді.
Бөлек тұрған нысандар үшін құжаттарды энергия беруші ұйым береді |
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне нысанды қосуға арналған техникалық шарттар (тек жаңадан пайдалануға берілетін нысандар үшін) |
«Астана-Теплотранзит» АҚ:
Алматы ауданы мына мекенжай бойынша: Жансүгіров көшесі 7 (2-ӘТК) т.771224, 771292
Сарыарқа ауданы мына мекенжай бойынша: Республика даңғылы, 68/4 т.396908
Есіл ауданы мына мекенжай бойынша: Тұран даңғылы, 12 т. 798897, 792160
|
Тұрғын үйдің жылу желілеріне тұрғын үйді қосуға арналған техникалық шарттарды тұрғын үйге қызмет көрсетуші ұйым береді («Астана-Теплотранзит» АҚ-пен келісіледі) |
|
Жылу желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі |
|
Тұтынушының жылу желілерінің жылу тұтынатын қондырғыларының жылу энергиясын қабылдауға техникалық даярлық актісі (иесі ауысқан кезде талап етілмейді) |