28 Сәуір: «Халықаралық Еңбекті қорғау күні»
28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі, оның мақсаты - өндірістік жарақаттардың болмауына көмек болып табылады. Еңбекті қорғау мерекесі 2003 жылдан бастап Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынысы бойынша ресми түрде белгіленіп, жыл сайын атап өтіледі. «Астанаэнергосбыт» ЖШС әр қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жоғары мәдениетті қолдайды. «Астанаэнергосбыт» ЖШС-да «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» аясында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі бірқатар іс-шараларды өткізді:
- құрылымдық бөлімшелерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ішкі аудит өткізілді: ЕҚжЕҚ саласындағы ережелер мен нормаларды; санитарлық нормаларды, өрт қауіпсіздігі ережелерінсақтау;
- персоналға еңбекті қорғау жөніндегі ашық нұсқама өткізу;
- құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен жиналыс өткізу;
- өндірісте алған жарақаттар бойынша слайдтардың көрсетілімін өткізу: оларды
талқылау және болдырмауды алдын алу.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шараларды өткізу еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмысты жандандыруға қосымша серпін береді, ЕҚжЕҚ саласындағы жоғары мәдениетке, одан әрі: «Астанаэнерссбыт» ЖШС-да нөлдік жарақат!» деген мақсатқа жетуге ықпал етеді.