«Астанаэнергосбыт» ЖШС өртке қарсы жаттығулар өткізді (kz)
Өрт кезінде қалай әрекет ету керек? Тыныштықты сақтап, бұрын өртке қарсы жаттығулар мен нұсқамаларда алған білімдерді қолданған жөн.
Осындай жаттығу таяуда персоналмен және «Күзет» ЖШС күзет қызметкерлерімен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның Сервис орталықтарында, техникалық қамтамасыз ету бөлімінде өткізілді. Ол өрт сөндірудің бастапқы құралдарын қолдану дағдыларын практикалық атқаруды, персонал мен тұтынушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялау сценарийін жүзеге асыруды, өртке қарсы бөлімшелерін тез шақыру және жану ошағын сәтті сөндіру үшін жағдай жасауды қамтыды.
Осындай жаттығулар мен нұсқамаларды компанияның Еңбекті қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жылына екі рет қызметкерлерге өткізеді. Бұл іс-шаралардың міндеті - қызметкерлерді жану ошағын жою және адамдарды эвакуациялау, қалалық өрт сөндіру қызметтерімен өзара іс-әрекет ету, ықтимал келеңсіз экологиялық зардаптарды азайту үшін нақты өрт жағдайында тез және дұрыс әрекет етуге үйрету болып табылады.