
Электрмен жабдықтау саласындағы қызметтің тоқтатылуы туралы
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі №121-VIIІ Заңының талаптарын орындауға байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның электр энергиясы бөлігінде энергиямен жабдықтау саласындағы қызметі тоқтатылғанын хабарлаймыз, ал есеп айырысу функциялары «Астана-АЭК» АҚ-қа берілді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау функциясы «Астана-АЭК» АҚ-қа берілгендіктен, өзінің қызметін жүзеге асыру кезеңінде Серіктестіктің алдындағы Тұтынушылардың берешегі туралы ақпараты бар төлем құжаттарында жеке жолды көрсету қажет болды.
Осыған байланысты Серіктестік пен «Астана-EРЦ» ЖШС арасында тұтынылған электр энергиясына берешек туралы ақпаратты бірыңғай төлем құжатына (БТҚ) енгізу туралы шарт жасалды. Тұтынушыларға есеп айырысулардың толық ашықтығын қамтамасыз ету және Серіктестіктің алдындағы міндеттемелерді реттеу, берешекті төлеу мүмкіндігін беру үшін «Астанаэнергосбыт» есепке алу құралы бойынша электр энергиясының қарызы» (АЭС ЕҚ бойынша ЭЭ қарызы) деген тиісті тармақ төлем түбіртектеріне енгізілді.
Дебиторлық берешек толық өтелген жағдайда АЭС қызметтеріне қарыз деген жол келесі бірыңғай төлем құжатында көрсетілмейді.