"Астанаэнергосбыт" ЖШС электрондық поштасы
«Астанаэнергосбыт» компаниясына электрондық түрде өтініш жазғыңыз келе ме? Хатты info@aesbyt.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
Айта кетейік, info@aesbyt.kz электрондық мекенжайына тұтынушылардан келіп түскен барлық хаттар міндетті түрде тіркеледі. ҚР ӘРПКнің 76-бабының 1-тармағына сәйкес жауап 15 жұмыс күні ішінде беріледі.
Өтініште не болу керек?
- Абоненттің толық аты-жөні, мекенжайы, Астанаэнергосбыттағы жеке шоттың нөмірі, байланыс телефоны;
- Өтініштің мәні;
- Абоненттің немесе оның өкілінің қолы, өтініш берілген күні.
Қызметтердің ақысы бойынша түсініктемелер үй иесіне берілетінін ескеріңіз. Ақпарат үшінші тұлғаға меншік иесінің сенімхаты негізінде ғана беріледі.