Энергиямен жабдықтаушы компанияңызды «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға ауыстырғыңыз келе ме?
Сіз оны біздің Сервис орталықтарына өзіңіз келіп жасай аласыз немесе барлық қажетті құжаттарды info@aesbyt.kz электрондық поштаға жіберіп қашықтан жасай аласыз.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымды ауыстыру үшін қандай құжаттар қажет?
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен тұрмыстық тұтынудың электрмен жабдықтау шартын жасау үшін тұрғын үй иелері келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- Жеке куәлік;
- Пәтерге құқық белгілейтін құжат (сатып алу-сату шарты, қабылдау-тапсыру актісі және т.б.);
- Техникалық паспорт;
- Егер тұтынушы тұрғын үй иесі болмаса, сенім білдіретін тұлғаға сенімхат және оның жеке куәлігі қажет;
- Egov.kz сайтынан тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер.
Жеке үйлердің иелері қосымша мыналарды ұсынуға міндетті:
- Электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін шектеу актісі;
- Техникалық шарттар.
Сіз қашықтан шарт жасауды жоспарлап отырсыз ба? Онда Сізге «Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтында «Жеке тұлғалар үшін» - «Қызметтер паспорттары» бөлімінде орналастырылған «Электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтінішті» және «Энергиямен жабдықтаушы ұйымды ауыстыру кезіндегі өтінішті» қосымша жүктеп алу қажет. Осы құжаттардағы барлық бағандарды толтырып, өз қолыңызбен қол қойып, сканер жасап, жоғарыда көрсетілген құжаттар тізбесімен бірге info@aesbyt.kz электрондық поштаға жіберіңіз.
Электрондық хатта толық ТАӘ, мекенжайыңызды, байланыс телефоныңызды міндетті түрде жазып, өтініш тақырыбында - «Энергиямен жабдықтаушы ұйымды ауыстыруға өтінім» деп көрсетуіңізді сұраймыз.