Сіз «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсетуге шарт жасағыңыз келе ме? Оны онлайн жасауға бола ма?
Қымбатты тұтынушылар, Сіздер qalaqyzmet.kz, қалалық қызметтер порталы арқылы онлайн түрінде де, сондай-ақ «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның сервис орталықтарында да жылу энергиясымен жабдықтау (жылыту және ыстық су) қызметтеріне шарт жасай аласыздар.
Сіздерге қандай құжаттар қажет болады? Егер тұрғын үй көп пәтерлі үйде орналасқан болса, Сіздерге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);
- Пәтерге/үйге меншік құқығын белгілейтін құжат (сатып алу-сату, сыйға тарту, жекешелендіру шарты және т.б.) немесе осы мекенжай бойынша тұру құқығын растайтын құжат (жалдау шарты, қызметтік пәтерді бөлу туралы шешім/бұйрық және т.б.) (түпнұсқа және көшірме);
-Техникалық паспорт (түпнұсқа және көшірме);
-Егер тұтынушы тұрғын үй-жайдың меншік иесі болмаса, сенімхат пен сенім білдіретін тұлғаның жеке куәлігі (түпнұсқасы) қажет;
-egov.kz тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер.
Біздің Сервис орталықтарының мекенжайлары: Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1; Абылай хан даңғылы, 49; Қажымұқан көшесі, 6.
Егер тұрғын үй жеке үй болса, шарт жасау үшін Сіздерге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
-Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);
-Тұрғын үйге меншік құқығын белгілейтін құжат (сатып алу-сату, сыйға тарту шарты, қабылдау актісі) немесе осы мекенжай бойынша тұру құқығын растайтын құжат (жалдау шарты және өзгелер) (түпнұсқа және көшірме);
-Техникалық паспорт (түпнұсқа және көшірме);
-«Астана-Теплотранзит» АҚ берген салынып жатқан немесе қайта жаңартылатын нысанның әзірлік анықтамасы (түпнұсқа);
-«Астана-Теплотранзит» АҚ берген Шекараны бөлу актісі (түпнұсқа);
-«Астана-Теплотранзит» АҚ берген Техникалық шарттар (көшірме);
-Егер тұтынушы тұрғын үй-жайдың меншік иесі болмаса, сенімхат пен сенім білдіретін тұлғаның жеке куәлігі қажет (түпнұсқа және көшірме);
-Егер мекенжайы, яғни көше атауы, үй нөмірі өзгерген болса, мекенжайдың өзгеруі туралы Халыққа қызмет көрсету орталығынан берілген анықтама;
-egov.kz тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер.
Егер жылу энергиясы қосылған жеке үй болып табылатын тұрғын үйді сатып алған болсаңыз, онда шартты қайта жасау үшін (иесінің ауысуы) Сіздерге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
-Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);
-Тұрғын үйге меншік құқығын белгілейтін құжат (сатып алу-сату, сыйға тарту шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік) немесе осы мекенжай бойынша тұру құқығын растайтын құжат (жалдау шарты және өзгелер) (түпнұсқа және көшірме);
-Техникалық паспорт (түпнұсқа және көшірме);
-«Астана-Теплотранзит» АҚ берген Шекараны бөлу актісі (түпнұсқа);
-Егер тұтынушы тұрғын үй-жайдың меншік иесі болмаса, сенімхат пен сенім білдіретін тұлғаның жеке куәлігі қажет (түпнұсқа және көшірме);
-Егер мекенжайы, яғни көше атауы, үй нөмірі өзгерген болса, мекенжайдың өзгеруі туралы Халыққа қызмет көрсету орталығынан берілген анықтама;
-egov.kz тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер.
Мекенжайы: Бауыржан Момышұлы даңғылы, 4/1 .