Заңды тұлғалармен жұмыс жасайтын шарт жасау бөлімінің 30 және 31 наурыздағы жұмыс тәртібі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2024 жылғы 1 сәуірден бастап реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұруына байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС шарт жасау бөлімі заңды тұлғалармен электрмен жабдықтау шарттарын жасасу үшін 30 және 31 наурызда сағат 09:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін Б.Момышұлы даңғылы, 4/1 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.
Барлық қызығушылық сұрақтар бойынша «Астанаэнергосбыт» ЖШС шарт жасау бөліміне 91-85-27, 91-87-43, 91-87-44 телефондары арқылы хабарласуға болады.