«Астанаэнергосбыт» ЖШС деректер қорында үйде тұратын адамдардың санын қалай өзгертуге болады?
Оны кез келген біздің сервис орталықтарында өзгертуге болады. Олар мына мекенжайларда орналасқан: Қажымұқан, 6; Абылай хан, 49; Бөгенбай батыр 24/1.
Абонент өзімен бірге не әкелуі тиіс?
✅️ Жеке басын куәландыратын құжат;
✅️ egov.kz. мобильді нұсқасына қолжетімділік. «Астанаэнергосбыт» операторы мемлекеттік деректер қорына «Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мәліметтерді» ұсыну бойынша онлайн режимде сауал жібереді. Абонент өзінің мобильді egov.kzсайтында сұратылған ақпаратты ұсынуға рұқсат беруі тиіс.
Мемлекеттік деректер қорынан алынған «Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер» негізінде абоненттің өтініші бойынша «Астанаэнергосбыт» ЖШС деректер қорында үйде тұратын адамдардың саны өзгертіледі.
Сондай-ақ Сіз үйде тұратын адамдардың санын онлайн, qalaqyzmet.kz. порталында өзгерте аласыз.
Өтінеміз, міндетті түрде egov.kz сайтынан «Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мәліметтерді» қоса беріңіз.