Электр энергия бойынша қызметтері үшін төлем қалай есептеледі?
Сіздердің пікірлеріңізше сіздерге электр энергиясына үлкен шот келді деп ойлайсыздар ма? Осы мәселені анықтағыңыз келеді ме?
Онда біздің ақпарат сіздерге пайдалы болады!
Біріншіден, түбіртектегі «ЕҚ бойынша ЭЭ» (есепке алу құралы бойынша электр энергиясы) деген бағанды қараңыз. Бұл сіздер тұтынған электр энергиясы. Осы көлемге есептеу жүргізіледі.
Өте маңызды: «Астанаэнергосбыт» сіздерге «Астана-АЭК» АҚ-тың бізге берген көрсеткіштері бойынша электр энергиясы қызметтеріне шот береді. Басқаша айтқанда, электр энергиясы бойынша есепке алу құралдарының көрсеткіштерін «Астана-АЭК» АҚ бақылаушылары алады және көрсетілген тұтыну көлеміне күмәндансаңыз, толық ақпарат алу үшін «Астана-АЭК» АҚ-қа хабарласу керек. Көрсеткіштер қай кезеңге есептелгенін нақтылаңыз (төлем сомасын одан әрі тексеру үшін күндер саны өте маңызды).
Егер сіздер тұтыну көлемімен келіссеңіздер, түбіртекте көрсетілген тұрғындардың санына назар аударыңыз.
Неге ол маңызды? Себебі электр энергиясы бойынша тұтынудың нормасы бар. Электр плитасы бар үйлерде 1 адамға айына 90 кВт/сағ., яғни тәулігіне 3 кВт/сағ. құрайды. Бұл көлем ең төменгі тариф бойынша төленеді – кВт/сағ үшін 14.66 теңге. Бұл нормадан артық тұтынылған электр энергиясы сәл артық төленеді. Келесі 90 кВт/сағ сіздерге әрқайсысы 24,56 теңге болады. Егер сіздер бұл нормадан да асып кетсеңіздер, онда әрбір нормативтен артық киловатт/сағат үшін 30,64 теңге төлеуге тура келеді.
Мысалы: Түбіртек пәтерде 1 адам тұратынын көрсетеді. Бір айға сіздерге электр энергиясының есепке алу құралы бойынша 2023 жылғы 15 шілдеден бастап 2023 жылғы 15 тамызға дейінгі (32 күн) кезеңге 300 кВт/сағ мөлшерінде төлем алынады. Бұл пәтер орналасқан үй электр плиталарымен жабдықталған, сондықтан есептеулер төмендегі формула бойынша есептеледі:
Тарифтің 1-деңгейі (норма): 3 кВт/сағ*32 күн=96КВт*14,66 тг=1407,36 тг
2-деңгей (нормадан жоғары): 3 кВт/сағ*32 күн=96КВт*24,56 тг=2357,76 тг
3-деңгей (тұтынылған энергияның қалған бөлігі): 108 кВт/сағ (300 кВт/сағ-96кВт/сағ-96 кВт/сағ)*30,64 тг=3309,12 тг.
Төлемге барлығы: 7074,24 тг (1407,36 тг+2357,76 тг+3309,12 тг).
Осылайша сіздер электр энергиясының есептеуінің дұрыстығын тексере аласыздар. Егер үйде электр плиталары орнатылмаса, онда сәл басқа нормативтер мен тарифтер қолданылады. Олар туралы толығырақ келесі жазбамызда.