Электр энергиясының шотында үйде тұратындар санының маңызы қандай?
Үйде тұратындар саны сараланған тариф кезінде тұтынылған электр энергиясы көлеміне төлем сомасын есептеу кезінде ескеріледі.
1 адамға айына электр энергиясын тұтыну нормасы: электр плиталары орнатылған үйлерде айына 90 кВт/сағ. Электр плиталары жоқ үйлерде 1 адамға айлық электр энергиясын тұтыну нормасы - 70 кВт/сағ.
Бүгінгі күні электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін келесі сараланған тарифтер қолданылады:
- ең төменгі тариф (90 кВтсағ дейін) – 14,66 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен);
- орташа тариф (90-нан бастап 180 кВтсағ дейін) – 24,56 теңге/кВт/сағ (ҚҚС-ты есепке алумен);
- ең жоғарғы тариф (180 кВтсағ-тан бастап және одан жоғары) – 30,64 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен).
Электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін:
- ең төменгі тариф (70 кВтсағ дейін) – 16,46 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен);
- орташа тариф (70-тен бастап 140 кВтсағ дейін) – 26,24 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен);
- ең жоғарғы тариф (140 кВтсағ-тан бастап және одан жоғары) – 32,78 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен).
Бұл нені білдіреді? Электр энергиясы құнының есебін мысалға келтірейік.
2023 жылдың қыркүйек айына есептеумен 2023 жылдың қазан айындағы шот-хабарламада тұтынылған электр энергиясы үшін есепке алу құралының бастапқы – 40530 көрсеткіштерден бастап (2023 жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша есептік көрсеткіштер) соңғы – 40975 көрсеткіштерге дейін (2023 жылғы 22 мамырдағы жағдай бойынша бақылаушы алған) күнтізбелік 38 күндік кезеңге есеп айырысу жүргізілген.
Осы есеп айырысу кезеңіндегі тұтыну көлемі мынаны құрады:
40975 – 40530 = 445 кВтсағ
Электр плитасын пайдаланатын тұтынушы үшін (30 күнге 90 кВтсағ) биллинг жүйесінде 3 адам белгіленген үйде тұратындардың санымен ең төменгі тариф бойынша есептеу есеп айырысуы мынаны құрады:
90 кВтсағ/30 күн* 38 күн*3 адам = 342 кВтсағ.
Ол сомалық мәнінде мынаны құрады:
342 кВтсағ * 13,09 (ҚҚС-сыз тариф) * 1,12 (ҚҚС) = 5 013,99 теңге (ең төменгі тариф бойынша).
Осыған сәйкес орташа тариф бойынша есептеу мына көлемде жүргізілді:
445 кВтсағ – 342 кВтсағ = 103 кВтсағ және осыған сәйкес сомалық мәнінде мынаны құрады:
103 кВтсағ * 21,93 (ҚҚС-сыз тариф) * 1,12 (ҚҚС) = 2 529,84 теңге (орташа тариф бойынша).
Сонымен, 2023 жылдың қыркүйек айына есептеудің қорытынды сомасы мынаны құрады:
5 013,99 теңге + 2 529,84 теңге = 7 543,83 теңге.
Биллинг жүйесінде 1 адам белгіленген үйде тұратындардың санымен электр энергиясын тұтынудың осы көлемі мынаны құрайды:
2023 жылдың қыркүйек айына есептеумен 2023 жылдың қазан айындағы шот-хабарламада тұтынылған электр энергиясы үшін есепке алу құралының бастапқы – 40530 көрсеткіштерден бастап (2023 жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша есептік көрсеткіштер) соңғы – 40975 көрсеткіштерге дейін (2023 жылғы 22 мамырдағы жағдай бойынша бақылаушы алған) күнтізбелік 38 күндік кезеңге есеп айырысу жүргізілген.
Осы есеп айырысу кезеңіндегі тұтыну көлемі мынаны құрады:
40975 – 40530 = 445 кВт/сағ
Электр плитасын пайдаланатын тұтынушы үшін (30 күнге 90 кВтсағ) биллинг жүйесінде 1 адам белгіленген үйде тұратындардың санымен ең төменгі тариф бойынша есептеу есеп айырысуы мынаны құрады:
90 кВтсағ/30 күн* 38 күн*1 адам = 114 кВтсағ.
ол сомалық мәнінде мынаны құрады:
114 кВтсағ * 13,09 (ҚҚС-сыз тариф) * 1,12 (ҚҚС) = 1 671,33 теңге (ең төменгі тариф бойынша).
Сондай-ақ орташа тариф бойынша есептеу мына көлемде жүргізілді:
114 кВтсағ * 21,93 (ҚҚС-сыз тариф) * 1,12 (ҚҚС) = 2 800,02 теңге (орташа тариф бойынша).
Осыған сәйкес ең жоғарғы тариф бойынша есептеу мына көлемде жүргізілді:
445 кВтсағ – 114 кВтсағ – 114 кВтсағ = 217 кВтсағ және осыған сәйкес сомалық мәнінде мынаны құрады:
217 кВтсағ * 27,36 (ҚҚС-сыз тариф)*1,12 (ҚҚС) = 6 649,57 теңге (ең жоғарғы тариф бойынша).
Сонымен, 2023 жылдың қыркүйек айына есептеудің қорытынды сомасы мынаны құрады:
1 671,33 теңге + 2 800,02 теңге + 6 649,57= 11 120,92 теңге.
Міне, электр энергиясының құнын есептеу кезінде үйде тұратындар санының маңызы осындай. «Астанаэнергосбыт» ЖШС деректер қорында үйде тұратындардың санын қалай өзгерту туралы біз алдыңғы жарияланымдарда жазғанбыз.