Татуласу орталығы «Астанаэнергосбыт» ЖШС заңгерлер командасын Алғыс хаттарымен марапаттады
Астана қаласы соттарының жанындағы татуласу орталығы «Астанаэнергосбыт» ЖШС заңгерлер командасын қақтығыстарды сотқа дейін шешуде, құқықтық сауатты қоғамды қалыптастыруда және медиация институтын дамытуда маңызды рөл атқарғаны үшін алғыс білдірді.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы м.а. Р.Б. Шақуановтың атынанТатуласу орталығының Алғыс хаттарымен марапатталғандар:
Еркебұлан Мұратқанов, «Астанаэнергосбыт» ЖШС заң басқармасының бастығы;
Жеңіс Торғаев, наразылық-талап қою бөлімінің жетекші заң кеңесшісі;
Виктор Ким, наразылық-талап қою бөлімінің жетекші заң кеңесшісі;
Манар Есімбекова, наразылық-талап қою бөлімінің жетекші заң кеңесшісі;
Есет Жадығұлов, наразылық-талап қою бөлімінің жетекші заң кеңесшісі.
Біздің әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз, биік кәсіби жетістіктер тілейміз!
PS: Астана қаласы соттарының жанындағы татуласу орталығы дауларды медиация арқылы жедел шешуге, соттан тыс реттеуге байланысты тараптардың моральдық және материалдық шығындарын азайтуға, қоғамдағы құқық бұзушылық пен қақтығыс деңгейін төмендетуге бағытталған.