Энергиямен жабдықтаушы ұйымды «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не ауыстырып, электрмен жабдықтау шартын жасау үшін жеке тұлғаларға қажет құжаттар тізімі
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен тұрмыстық тұтынудың электрмен жабдықтау шартын жасау үшін тұрғын үй иелері келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- Жеке куәлік;
- Пәтерге құқық белгілейтін құжат (сатып алу-сату шарты, қабылдау-тапсыру актісі және т.б.);
- Техникалық паспорт;
- Егер тұтынушы тұрғын үй иесі болмаса, сенім білдіретін тұлғаға сенімхат және оның жеке куәлігі қажет;
Жеке үйлердің иелері қосымша мыналарды ұсынуға міндетті:
- Электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін шектеу актісі;
- Техникалық шарттар.