Сіз электр энергиясын тұтынудың жеңілдетілген нормалары туралы білесіз бе? Оларды кім пайдалана алады?
Айтып берейік.
Біздің елімізде 2009 жылдың 20 ақпанынан бастап электр энергиясын тұтынудың жеңілдетілген тарифтері қолданылады. Олар халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғауға арналған. Бұл адамдар кімдер? Жалғыз тұратын жасына байланысты зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар. Жеңілдікті алуға үміткерлердің меншігінде бір ғана тұрғын үй (пәтер) болуы тиіс.
Жеңілдіктің қандай пайдасы бар? Ең ең төменгі тариф бойынша төленетін энергияны тұтыну нормасы 30 кВтсағ ұлғайтылды.
Электр плиталарын пайдаланатын жеңілдікті алушылар үшін сараланған тариф:
- ең төменгі тариф (120 кВт/сағ. дейін);
- орташа тариф (120-дан бастап 210 кВтсағ. дейін);
- ең жоғарғы тариф (210 кВт сағ. бастап және одан жоғары).
Электр плиталарын пайдаланбайтын жеңілдікті алушылар үшін сараланған тариф:
- ең төменгі тариф (100 кВт/сағ. дейін);
- орташа тариф (100-ден бастап 170 кВт/сағ. дейін);
- ең жоғарғы тариф (170 кВт сағ. бастап және одан жоғары).
Электрді тұтынудың жеңілдетілген тарифін қалай ресімдеуге болады? Тұрғылықты жеріңіз бойынша «Астанаэнергосбыт» ЖШС сервис орталықтарына хабарласыңыз. Олар мына мекенжайларда орналасқан: Қажымұқан көшесі, 6 үй; Абылайхан даңғылы, 49 үй; Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1 үй.
Жеңілдіктерге құқықты растау үшін қандай құжаттар керек?
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама
- Мемлекеттік деректер қорынан тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер
- Осы санатқа берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі. Жалғыз тұратын жасына байланысты зейнеткерлер үшін - бұл зейнетақы куәлігі; мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін – бұл мүгедектік туралы анықтама;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы армияға/бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі ұрыс операциялары кезінде/Чернобыль АЭС-індегі апатты және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысқанын растайтын әскери билеттің анықтамасы, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқаны туралы анықтама, жарақаттану, мүгедектік туралы анықтама, сот-медициналық қорытынды.