
«Астанаэнергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау бойынша жұмысын тоқтатады
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астанаэнергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау бойынша жұмысын тоқтатады*. Электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі «Астана – Аймақтық Электржелілік компаниясы» АҚ (Астана-АЭК) беріледі. Осыған байланысты абоненттерді 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап электрмен жабдықтау қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша Астана-АЭК-ке хабарласуыңызды сұраймыз.
* Шешім «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 8 шілдедегі № 121-VII ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылуда.