Жылу энергиясының тарифтері неге өзгерді?
Құрметті тұтынушылар!
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның жылу энергиясына тариф құрылымы «Астана-Энергия» АҚ-тан жылу энергиясын сатып алу шығындарынан, «Астана-Теплотранзит» АҚ желілері бойынша жылу энергиясын беру қызметтері бойынша шығындардан және Серіктестіктің өткізу үстемеақысынан тұрады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясын сатып алу және беру қызметінің тарифі көтерілді, осыған байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға жылу энергиясын жабдықтаудың босату тарифі өзгертілді.
Тұтынушылардың топтары (халық, бюджеттік ұйымдар, өзге тұтынушылар) бойынша сараланған тарифтерді табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті бөледі және бекітеді.
Мәселен, халық үшін жылу энергиясын жабдықтаудың орташа босату тарифі ҚҚС-ты есепке алғанда 3 097,00 теңге/Гкал-дан 3 716,41 теңге/Гкал-ға дейін, заңды тұлғалар үшін ҚҚС-ты есепке алмағанда 5 646,66 теңге/Гкал-дан 5 966,37 теңге/Гкал-ға дейін, бюджеттік ұйымдар үшін ҚҚС-ты есепке алмағанда 6 694,76 теңге/Гкал-дан 7 073,94 теңге/Гкал-ға дейін өсті.
2023 жылдың желтоқсан айында «Астанаэнергосбыт» ЖШС өз сайтында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жылу энергиясын жабдықтауға бекітілген тарифтер туралы ақпаратты ресми түрде орналастырды.