Неліктен электр және жылумен қамтамасыз ету қызметтерін әр айдың 25не дейін төлеген маңызды?
Құрметті тұтынушылар!
Абоненттің көрсетілген қызметтерге берешегінің болуын немесе болмауын белгілейтін күн - әр айдың 25-сі күні екені Сіздерге белгілі. Егер Сіз түбіртекті осы күннен кейін төлесеңіз, онда бұл уақтылы төленбеген шот келесі шотта көрсетілген қызметтерге берешек ретінде көрсетіледі.
Егер Сіз төлемді уақтылы төлемеген болсаңыз, электр және жылумен жабдықтау қызметтеріне келесі шотыңыздан соманы (алдыңғы айдың 25-інен кейін кешіктірілген төлем сомасы) шегеріңіз. Бұл алынған қызметтерге Сіздің ағымдағы шотыңыз.
Жоғарыда көрсетілген төлем мерзімі жеке тұлғалар үшін қарастырылған.
Заңды тұлғалар үшін жабдықтау қызметтеріне төлем:
- электр энергиясына әр айдың 15-іне дейін;
- жылу энергиясына әр айдың 25-іне дейін.
Құрметті абоненттер, Сіздерді электр және жылумен жабдықтау қызметтеріне шоттарды уақтылы төлеуге шақырамыз.