Сізге атқарушылық жазба туралы хабарлама келді ме? Келіспейсіз бе?
«Нотариат туралы» ҚР Заңының 92-8, 92-6 тармақтарына сәйкес, сіз ол құжатқа дәлел келтіріп, жазбаша түрде қарсылық білдіруге құқылысыз.
Нотариус атқарушылық жазбаның көшірмесін ол орындалғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге жібереді.
- Қарсылық білдірудің соңғы мерзімі: Көшірмені алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде нотариусқа келіспеу себептерін көрсете отырып, жазбаша қарсылықты жіберуге болады.
- Қарсылықтарды қарау: Нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.
____________
Құрметті абоненттер!
Энергия ресурстары бойынша дебиторлық берешек болған жағдайда, «Астанаэнергосбыт» ЖШС борышкерге атқарушылық жазбаны беру туралы өтінішпен нотариусқа жүгінуге құқылы.
Электр және жылумен жабдықтау қызметтерінің төлемін уақытылы жасауыңызды сұраймыз.