Үйіңізді сатқаннан кейін, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен электр және жылумен қамтамасыз ету жөніндегі келісім-шарттарды тез арада бұзғаныңыз абзал. Неліктен бұл маңызды?
Барлық жылжымайтын мүлік сатушылардың назарына!
Үйіңізді сатқаннан кейін, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен электр және жылумен қамтамасыз ету жөніндегі келісім-шарттарды тез арада бұзғаныңыз абзал. Неліктен бұл маңызды?
Егер жаңа меншік иесі өз атынан шарттар жасамаса, сатылған мүліктің мекенжайы бойынша есептеу бұрынғы меншік иесінің атына түсуін жалғастырады. Бұл сіздің ағымдағы абонент болып қалатыныңызды және кез келген қарыздар үшін жауап беретініңізді білдіреді.
Қарыз пайда болған жағдайда талап-арыз жұмысы шарт жасалған меншік иесі ретінде сізге бағытталады. Сотта барлық шығындар да сізден өндіріледі, өйткені «Астанаэнергосбыт» ЖШС жаңа иесі туралы ақпарат болмайды.
Сатып алу-сату шартын жасасу коммуналдық кәсіпорындармен келісімшарттарды автоматты түрде бұзбайтынын есте сақтаңыз. Шартты бұзу рәсімі абоненттің өтінім беруін талап етеді.
Қаржы мен уақытыңызды үнемдеңіз - келісімшарттарды дер кезінде бұзғаныңыз жөн.