Жылумен жабдықтау қызметтерінің құны туралы ақпарат
Тұтынушы жылу энергиясы үшін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен коммерциялық есепке алу құралдары бойынша есеп айырысады. Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушыларда ұсынылған қызметтің көлемін коммерциялық есепке алу құралдары болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есептеу жолымен анықталады.
- Көп пәтерлі тұрғын үйде коммерциялық есепке қабылданған жылу энергиясын есепке алудың үйге ортақ құралы болған жағдайда, жылыту құны «Астана-Теплотранзит» АҚ берген нақты жылу шығысына байланысты (шот-хабарламаның «Саны» бағанында пәтердің жылытылатын алаңы еспке алынып есептелген, Гкал-дағы тұтынылған жылу энергиясының көлемі көрсетілген, ал «Құны» бағанында - 1 Гкал бекітілген құны);
- Көп пәтерлі тұрғын үйде жылу энергиясын есепке алудың үйге ортақ құралы болмаған жағдайда, жылыту құны Астана қаласының тұрғын үй қорын жылытуға тұтыну нормаларын Әкімдіктің бекіткеніне, есептік кезеңге сыртқы ауаның нақты температурасына түзетілгеніне байланысты (шот-хабарламаның «Саны» бағанында пәтердің жылытылатын алаңы м2, ал «Құны» бағанында – 1м2 үшін жылыту ақысы көрсетіледі).
Бүгінгі күні жылу энергиясына қандай тарифтер қолданылады?
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-нің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 125-НҚ бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясын есепке алу құралдарының болуы немесе болмауына байланысты жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер мынаны құрайды:
- жылу энергиясын есепке алу құралдарымен – ҚҚС-ты есепке алумен 3 707,28 теңге/Гкал;
- жылу энергиясын есепке алу құралдарынсыз – ҚҚС-ты есепке алумен 4 459,68 теңге/Гкал;
- үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу құралдарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгісіндегі үйлерде тұрып жатқандар - ҚҚС-ты есепке алумен 3 716,41 теңге/Гкал.
Есептік айда нақты сыртқы ауа температура қандай болды?
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ның Астана қаласының тұтынушыларына арналған метеорологиялық стансасының ұсынылған метеорологиялық ақпаратына сәйкес ауаның орташа температурасы 2024 жылғы қаңтар айына - 11,9°С құрады (желтоқсан айына температура -8,9°С құрады).
Сонымен, 2024 жылғы қаңтардағы жылу энергиясының құны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясын жабдықтау бойынша қызметтерге тарифтің өзгеруін және 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда сыртқы ауа температурасының төмендеуін есепке алып қалыптастырылды.