«Астанаэнергосбыт» ЖШС қызметі туралы 2024 жылдың 1-жартыжылдығына есеп бойынша тыңдау
Құрметті тұтынушылар!
«Астанаэнергосбыт» ЖШС тұтынушылардың және өзге де мүдделі тұлғалардың алдында «Жылу энергиясымен жабдықтаудың» реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну бойынша Серіктестіктің қызметі туралы 2024 жылдың 1-жартыжылдығына есеп бойынша тыңдауды өткізетіні туралы хабарлайды.
Есептік кездесу Астана қаласы, Б. Момышұлы даңғылы, 4/1 үй, «Астанаэнергосбыт» ЖШС ғимараты мекенжайында, екінші қабатта, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның ресми парақшасында онлайн трансляциялаумен конференц-залда 2024 жылғы 26 шілдеде сағат 12.00-де өтеді.
2024 жылғы 25 шілде сағат 18.00-ге дейін қатысушылардың алдын ала тізімі қалыптастырылады. Осы тыңдауға қатысуға ниет білдірушілерді 91-85-64, 91-85-63 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.