Жылу энергиясы тарифінің төмендеуі
Құрметті тұтынушылар!
«Астанаэнергосбыт» ЖШС ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жылу энергиясына тарифті төмендетті.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның жылу энергиясымен жабдықтауға (жылыту және ыстық сумен жабдықтау) тарифтің құрылымы «Астана-Энергия» АҚ-тан жылу энергиясын сатып алу шығындарының 97%-ын және жылу энергиясын тұтынушыға беру қызметтерінің шығындарын құрайды. «Астана-Теплотранзит» АҚ желілері бойынша жылу энергиясын беру қызметі құнының төмендеуіне байланысты және «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының» 610-тармағын басшылыққа ала отырып, «Астанаэнергосбыт» ЖШС жылу энергиясымен жабдықтауға тарифті 2024 жылғы 1 сәуірден бастап төмендетті. Бұл тариф ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.
Сонымен, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап уәкілетті орган халыққа келесі тарифтерді белгіледі:
Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа тариф - 3 566,37 теңге/Гкал (ҚҚС-ты есепке алумен).
(бұрын 2024 жылғы 31 наурызға дейін – 3 716,41 теңге/Гкал (ҚҚС-ты есепке алумен).
Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер:
жылу энергиясын есепке алу құралдарымен – ҚҚС-ты есепке алумен 3 557,60 теңге/Гкал (бұрын 2024 жылғы 31 наурызға дейін – ҚҚС-ты есепке алумен 3 707,28 теңге/Гкал).
жылу энергиясын есепке алу құралдарынсыз – ҚҚС-ты есепке алумен 4 279,64 теңге/Гкал; (бұрын 2024 жылғы 31 наурызға дейін – ҚҚС-ты есепке алумен 4 459,68 теңге/Гкал);
үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу құралдарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгісіндегі үйлерде тұрып жатқандар - ҚҚС-ты есепке алумен 3 566,37 теңге/Гкал (бұрын 2024 жылғы 31 наурызға дейін – ҚҚС-ты есепке алумен 3 716,41 теңге/Гкал).
Құрметті тұтынушылар! Тарифтің өзгеруі 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді және ағымдағы жылдың мамыр айында төлем түбіртегінде көрсетіледі (2024 жылғы сәуірде көрсетілген қызметтер үшін).