«NAK Development» ЖШС-ті электр желілері иелерінің келісімінсіз күзет аймағында жер қазу жұмыстарын жүргізгендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық қадағалау
мен бақылау комитетінің Астана қаласы
бойынша аумақтық департаменті» ММ
талабы бойынша жарияланған
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент)кабельдікжелілерінің зақымдалғаны туралы «Астана қалалық жарық» ЖШС-нен келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «NAK Development»ЖШС2023 жылдың 04 сәуірде электр желілерінің иелерімен келісімсіз Ұлы Дала 31/4 көшесінде жер жұмыстарын жүргізгені және кабельдік желіге зақым келтіргені анықталды, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 бұйрығы Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағиларының 242 тармағын және 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 Электр желілері объктілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларының және осындай аймақтрдың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекще шарттарынның20 тармағын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, «NAK Development»ЖШС-не қатыстыКодекстің 305-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.Электр желілерінің жауапты ұйымның келісімінсіз учаскелерді, электр желілерінің күзет аймақтарын орналастыруға байланысты жер жұмыстары.Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды.Айыппұл төленді.
Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.