Құрметті тұтынушылар!
Сіздердің назарларыңызға қолданыстағы Қағидалардың талаптарына сәйкес «Астанаэнергосбыт» ЖШС тұтынылған энергия ресурстары үшін берешегі бар абоненттерді СМС-хабарлама жіберу мүмкіндігін іске асырғанын жеткіземіз.
СМС хабарламалар ақпараттық сипатқа ие және тұтынылған электр және жылу энергиясы үшін уақтылы төлем жасау қажеттігін еске салады.
SMS хабарламасын алуға байланысты барлық мәселелерді электрондық пошта info@aesbyt.kz және webmaster@aesbyt.kz мекенжайына жіберуді сұраймыз.
Сондай-ақ, «Коммуналдық қызметтерді ұсыну Қағидаларының» 22-тармағына сәйкес тұтынушы төлемді есептік айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізуі тиіс екенін түсіндіреміз.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС Сізден тұтынылған энергия ресурстары үшін уақтылы және белгіленген мерзімде төлем жасауды сұрайды.