Құрметті тұтынушылар!
Уәкілетті органның шешімімен 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап бекітілген «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның электр энергиясын өткізуге тарифін қолданысқа енгізу уақытша тоқтатылды. Осыған байланысты тұтынылған электр энергиясына есептеу 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы тарифтер бойынша жүргізіледі.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның электр энергиясына тарифінің құрылымында 96% энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың қызметтеріне төлемді құрайтынын атап өту керек. Олардың тарифтері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті салалық уәкілетті органдардың шешімімен көтерілген болатын.
Электр энергиясын сатып алу және тұтынушыларды жабдықтау қызметтерінің қымбаттауы кәсіпорынның тарифіндегі тиісті өсімді көрсету қажеттілігіне әкеледі. Қазіргі кезде тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтау «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның нақты шығындарының деңгейінен төмен жүзеге асырылады.