Құрметті тұтынушылар!
Алдымыздағы жарияланымда уәкілетті органның шешімімен 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап бекітілген «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның электр энергиясын өткізуге тарифін қолданысқа енгізу уақытша тоқтатылғаны туралы хабарладық. Осыған байланысты тұтынылған электр энергиясына есептеу 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы тарифтер бойынша жүргізіледі.
Сондықтан, ақпан айында тұтынылған электр энергиясының құны жоғарламай, ескі тарифтермен есептелді. Оларды келтіре кетейік
Электр энергиясының орташа тарифі:
жеке тұлғалар үшін – 19,28 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен);
Электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін тарифтер:
- ең төменгі тариф (90 кВт/сағ дейін) – 14,66 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен );
- орташа тариф (90-нан 180 кВтсағ. дейін) – 24,56 теңге/кВт/сағ (ҚҚС есебімен);
- максималды тариф (180 кВт/сағ және одан жоғары) – 30,64 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен).
Электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін тарифтер:
- ең төменгі тариф (70 кВт/сағ дейін) – 16,46 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен);
- орташа тариф (70-тен 140 кВтсағ. дейін) – 26,24 теңге/кВт/сағ (ҚҚС есебімен );
- максималды тариф (140 кВт/сағ және одан жоғары) – 32,78 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен).
Заңды тұлғалар үшін – 28,68 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен);
- бюджеттік ұйымдар – 58,00 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен);
- әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіруді қамтамасыз ететін кәсіпорындар үшін - 23,09 теңге/кВтсағ (ҚҚС ) есебімен.