Электрмен жабдықтау шартын бұзу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі №121-VII Заңына (бұдан әрі - Заң) енгізілген өзгерістерге сәйкес «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптары нормаларының шеңберінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау шартын бұзу туралы Сізді хабардар етеді.
Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 17-тармағына сәйкес электрмен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Сізге белгіленген мерзімге дейін «Астана – Аймақтық электр желілері компаниясы» АҚ-пен электрмен жабдықтау шартын (немесе электрмен жабдықтаудың бұрыңғы шарты бойынша құқықтар мен міндеттердің өтуі туралы келісім) жасасуды ұсынамыз.