Орташа босату және сараланған тарифтер ерекшеіліктері
Құрметті тұтынушылар!
Бүгінгі күні жеке тұлғалар үшін электр энергиясы тарифтерінің екі түрі қолданыста: орташа босату және сараланған.
Орташа босату тарифі - бұл тұратындардың санына, сондай-ақ үйде электр плитасы қолданылуына немесе қолданбануына қарамастан әрбір тұтынылған кВтсағ.-тың бірыңғай құны. Атап айтқанда: кВтсағ. үшін 19,28 теңге. Мысалы, абоненттің бір айда электр энергиясының есептегіші бойынша тұтыну көлемі 200 кВтсағ. құрды. Ол үшін есептеу мынадай жүргізіледі: 200 кВтсағ. * 19,28 теңге = 3856 теңге.
Сараланған тариф тұтыну көлеміне байланысты төлемді қарастырады. Оның үш деңгейі бар - ең төменгі, орташа, ең жоғары. Тұтыну нормалары есепке алынып, есеп айырысу мынадай жүргізіледі: электр плиталары бар үйлерде 30 күнге 1 адамға энергия тұтыну нормасы 90 кВтсағ., электр плиталары жоқ үйлерде - 70 кВтсағ.
Электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін тарифтер:
Электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін тарифтер:
- ең төменгі тариф (90 кВтсағ. дейін) – 14,66 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-ты есепке алумен);
-
орташа тариф (90-нан бастап 180 кВтсағ. дейін) – 24,56 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-ты есепке алумен);
-
ең жоғары (180 кВтсағ. және одан жоғары) – 30,64 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-ты есепке алумен).
Электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін:
- ең төменгі тариф (70 кВтсағ. дейін) – 16,46 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-ты есепке алумен);
- орташа тариф (70-тен бастап 140 кВтсағ. дейін) – 26,24 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-ты есепке алумен);
- ең жоғары (140 кВтсағ. және одан жоғары) – 32,78 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-ты есепке алумен).
Егер біздің жүйедегі абонентте тұратындардың саны 2 адам болса, онда жалпы тұтынудан бастапқы 180 кВтсағ. құны кВтсағ. үшін ең төменгі тариф бойынша 14,66 тг есептеледі. Келесі 180 кВтсағ. орташа тариф бойынша есептеледі – кВтсағ. үшін 24,56 тг. Қалған көлем – кВтсағ. үшін 30,64 тг.