Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында Серіктестік қауіпсіздік қызметі осы мерекеге арналған бірқатар іс-шараларды бастады.
Мерекенің негізгі мақсаты: еңбек қауіпсіздігіне мұқият назар аудару, сондай-ақ өндірісте денсаулығына зиян келтірген адамдарды еске алу.
Жұмыста біз өміріміздің көптеген сағаттарын өткіземіз және еңбекті қорғау-бұл бәріне қатысты мәселе.
Энергетикалық бақылау бөлімі Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай алғашқы кіріспе дәрісін өткізді. Онда осы мерекенің маңызды сәттері, сондай-ақ ұйымішілік жоспарланған іс-шаралар қозғалды.
Еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі-адамдардың денсаулығы мен өмірінің сенімді кепілі.