Тұтынушылар назарына
Құрметті тұтынушылар!
2024 жылғы 1 ақпаннан бастап электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай тарифтің өзгертілуіне байланысты 2024 жылғы ақпанда тұтынылған энергия ресурстарына есептеліп қалыптастырылған 2024 жылғы наурыздағы шот-хабарламадағы «ағымдағы кезеңге есептелген» бағанында есептеулер тек жаңадан енгізілген тарифтер бойынша көрсетіледі. «Қайта есептеу» бағанында 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін жүргізілген, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап бекітілген және қолданыстағы тарифтер бойынша есептелген есептеулер көрсетіледі. 2024 жылдың ақпанына есептелген шот-хабарламада тұтынушыға берілген «төлемге» сома екі құрамдас бөлікті: «есептелді» бағанын және «қайта есептеу» бағанын қамтиды.