Заңды тұлғалардың назарына: «Астанаэнергосбыт» ЖШСнің шарт жасау бөлімі сенбі, 2024 жылғы 6 сәуірде жұмыс істейді
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2024 жылғы 1 сәуірден бастап реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұруына байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС шарт жасау бөлімі заңды тұлғалармен электрмен жабдықтау шарттарын жасасу үшін 2024ж. 6 сәуір күні сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін Б.Момышұлы даңғылы, 4/1 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.
Сұрақтарыңыз бойынша «Астанаэнергосбыт» ЖШС шарт жасау бөліміне 91-85-27, 91-87-43, 91-87-44 телефондары арқылы хабарласуға болады.