Заңды тұлғалар назарына
Құрметті заңды тұлғалар!
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №588 Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым - электр энергиясын кепiлдiкпен берушi тұтынушыларды жария шарттар негiзiнде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2024 жылғы 1 сәуірден бастап реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұруына байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС электр энергиясын кепілдікпен беруші ретінде жария шарттар негізінде тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыруы қажет.
Электрмен жабдықтау шартын жасау үшін электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтінішті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 (2020 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» 4 және 4-1-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.
https://www.astrec.kz/ru/page/abonenty сілтемесін басып, Сіз заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініштің бланкісін және электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесін жүктей аласыз.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау мекенжайлары:
- «Астана-АЭК» АҚ - Иманов көшесі, 11 үй,
- «Астанаэнергосбыт» ЖШС - Б.Момышұлы даңғылы, 4/1 үй, info@aesbyt.kz