Ыстық су көрсеткіштерін қабылдау мерзімдерінің ауысуы туралы хабарлаймыз
«Жылу энергетикасы туралы» 2024 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 1-тармағы 1-тармақшасының нормасының қолданысқа енгізілуіне байланысты 2025 жылғы 1 шілдеден бастап тұтынушыларға жылу энергиясын өткізуді «Астана – Теплотрансит» АҚ жылу тасымалдау ұйымы жүзеге асырады.
Тиісінше, осыған байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді (оның ішінде ыстық сумен жабдықтау көрсеткіштерін қабылдау) көрсету бойынша қызметін тоқтатады.
Техникалық қажеттілікке байланысты көрсеткіштерді қабылдау және алу 16 маусымнан бастап 24 маусымға дейін жүзеге асырылады.
Көрсеткіштерді беру тәсілдері:
∙ 8 (7172) 91-88-88 телефон бойынша сағат 09:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін (үзіліссіз
және демалыссыз), не осы нөмірге дауыстық хабарлама қалдыру арқылы тәулік бойы;
∙ pokaz.fiz@aesbyt.kz поштаға жазу;
∙ Компанияның astanaenergosbyt.kz ресми сайтындағы жеке кабинет арқылы;
∙ 8-701-032-82-98 телефон нөмірі бойынша WhatsApp және Telegram желісіндегі чат-
боттар арқылы немесе Компанияның веб-сайтында орналастырылған QR-код арқылы. Камераны Сізге қажет мессенджердің QR кодына бағыттап, сілтеме бойынша өтіңіз.
Нақты көрсеткіштер болмаған жағдайда ыстық сумен жабдықтау көрсеткіштерінің есеп айырысуы «орташа» бойынша жүргізіледі.