Қарапайым өңдеудегі пәтерде ыстық сумен жабдықтау бойынша есептеулерді тоқтату
Сіз қарапайым өңдеудегі жаңа пәтерді сатып алдыңыз. Ірі көлемдегі сатып алуға шын жүректен қуанып, Сіз әзірге жөндеу жұмыстарын жүргізбейсіз және жаңадан сатып алынған үйіңізге көшпейсіз деген қорытындыға келдіңіз. Олай болса, қымбатты достар, пайдалы ақпаратқа назар аударыңыздар.Көп пәтерлі үйдегі тұрғын үйге жылыту кезеңінде жылу міндетті түрде беріледі және пәтердің ауданына сәйкес берілген жылу үшін төлемге шот жазылады. Дегенмен, қарапайым өңдеудегі пәтерде ыстық сумен жабдықтау бойынша есептеулерді тоқтатуға болады. Бұл үшін не істеу керек?
- Суды өшіру клапандары, тығындарды орнату немесе ыстық сумен қамтамасыз ету бойынша есептеу құрылдарын тығыздау бойынша акт жасау үшін «Астана су арнасы» мекемесіне хабарласыңыз.
- Қарапайым өңдеудегі пәтерге тексеру жүргізу үшін жақын жердегі «Астанаэнергосбыт» ЖШС сервис орталығына жолығыңыз.
- Сіздің өтінішіңіз бойынша «Астанаэнергосбыт» ЖШС қызметкерлері қарапайым өңдеудегі пәтерді комиссиялық тексеру үшін абоненттің мекенжайына барады. Тексеру кезінде олар суды тұтынуды қажет етіп жүргізілген жөндеу-өңдеу жұмыстарының болуын пәтерге көзбен шолудың тексеруін жүргізеді, құбырлардың шеткі саңылауларын жабуға мүмкіндік беретін бекітуші арматураның, бітеуіштердің болуын тексереді. Одан басқа, ваннаның, душтың, қолжуғыштың, дәретхана және т.б. болуына санитарлық торапты тексереді.
Тексеру нәтижелері тиісті актімен ресімделеді.