Жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсетуге арналған шартты бұзу туралы хабарлама
2025 жылғы 1 шілдеден бастап «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі Заңының 53-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы нормасының қолданысқа енгізілуіне байланысты тұтынушыларға жылу энергиясын өткізуді жылу тасымалдаушы ұйым – «Астана-Теплотранзит» АҚ жүзеге асырады.
Осыған байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсету бойынша қызметін тоқтатады.
Жоғарыда мазмұндалғандардың негізінде, осы хабарламамен Сізді 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсетуге арналған шарттың (бұдан әрі -Шарт) бұзылуы туралы хабардар етеміз.
Үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Сізге әрі қарай «Астана-Теплотранзит» АҚ-пен (https://a-tranzit.kz/) жылу энергиясын өткізу бойынша қызмет көрсетуге арналған шартты жасауды ұсынамыз.
Сондай-ақ Сізге 2025 жылғы 25 маусымға дейінгі мерзімде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туралы хабардар етеміз. Көрсетілген мерзімде міндеттемелерді орындамаған жағдайда «Астанаэнергосбыт» ЖШС шарт талаптарына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауға мәжбүр болады.
Одан басқа, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес Сіздің «Астанаэнергосбыт» ЖШС алдындағы берешегі туралы деректер Кредиттік бюро деректер қорында белгіленеді, бұл болашақта Сіздің кредиттік тарихыңызға теріс әсер етуі мүмкін.
Сізден барлық қаржылық міндеттемелерді қысқа мерзімде реттеуіңізді сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша Сізге «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға немесе «Астана-Теплотранзит» АҚ-қа (https://a-tranzit.kz/) хабарласуға болады.
Ынтымақтастық пен түсіністік үшін алғыс білдіреміз.