Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер тарапынан тұрақты назарды талап ететін негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселе болып табылады.
Еңбекті қорғаудың жұмыс істеу мақсаты –қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау. Адамдар ең құнды ресурс болып табылады, сондықтан адам өмірін күту және сақтау - барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілердің (басшылардың) басты міндеті. Еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі – адамдардың денсаулығы мен өмірінің сенімді кепілі.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы реттеу мыналарды қамтиды:
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қадағалау, бақылау және мониторинг жүргізу;
- еңбек жағдайларын жақсартуды, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету;
- құрылымдық бөлімшелердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жауапты тұлғаларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
- қызметкерлерді жыл сайынғы міндетті медициналық қарап-тексеруден өткізу;
- жаңадан қабылданған қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша слайдтарды, көрнекі құралдарды, плакаттарды көрсетіп, кіріспе нұсқама өткізу;
- құрылымдық бөлімшелер бойынша ай сайынғы Қауіпсіздік күндерін өткізу;
- құрылымдық бөлімшелерде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сабақтар өткізу;
- кәсіпорынның әрбір қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігін үнемі сақтау;
- жарақаттануды болдырмау мақсатында қызметкерлердің жұмыс орындарын күнделікті қарап-тексеру;
- қауіпсіздік белгілерімен белгіленген жерлерде ережелерді сақтау;
- желілік персоналға жол қозғалысы ережелерін және қызмет көрсету кезінде өз қауіпсіздігін сақтау туралы күнделікті нұсқама өткізу;
- қызметкерлердің іс-әрекеттерді орындаумен аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығуларды өткізу.
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС-НЫҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жоспар
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) іс-шаралар жоспарына келесі іс-шаралар енгізілген:
- Материалды бекіту, сондай-ақ оны жұмыста қолдану үшін желілік персоналға техникалық оқытуды өткізу.
- Қауіпсіздік техникасы ережелерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану ережелерін сақтау мақсатында персоналдың біліміне біліктілік тексеру жүргізу; жарақаттар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау.
- Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзуды қайталау және болдырмау мақсатында жұмыс орнында нұсқамалар өткізу.
- ЕҚжЕҚ саласындағы функцияларға жауапты мамандарды ЕҚжЕҚ бойынша оқытуды уақтылы өткізу.
- Қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында техникалық кеңестер мен болған жазатайым оқиғаларға талдау жүргізу.
- Санитарлық нормалар мен ережелерді, есептеуіш техникасында жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, кемшіліктерді анықтау және уақтылы жою мақсатында жұмыс орындары бойынша іс-шараларды (аралап шығу, қарап-тексеру) өткізу.
- Қолайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша іс-шараларды өткізу.
- Қызметкерді жұмыс істеуге рұқсат беру мақсатында міндетті медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру және өткізу.
Тұтынушылардың қауіпсіздігі
«Астанаэнергосбыт» АҚ қызметінің маңызды құрамдас бөлігі ең алдымен қауіпсіздік және тұтынушыларға бағдарлану болып табылады.
Қатысу арқылы қызмет көрсету пункттерінің ребрендингі шеңберінде ең жоғарғы қолайлы жағдайлар жасалуда: күту алаңы едәуір кеңейтілді, Тұтынушының қызмет көрсету сапасын бағалау жүйесі енгізілді, электронды кезек жүйесі жұмыс істейді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін персоналды шақыру батырмасы және пандус орнатылған, бағдарлауды жеңілдету үшін кеңсенің кіреберіс бөлігінде орналасқан тактильді плиткалар және тіркеу орнында пиктограмма орнатылған. Залда суы бар кулер және алғашқы медициналық көмек қобдишасы бар.
Сапалы және жылдам қызмет көрсету мақсатында қажетті кеңес беріп, электронды талон алуға көмектесетін және маманға алып баратын зал әкімшісінің лауазымы енгізілді.
Клиенттерге қызмет көрсетуге арналған залдар көрінетін жерлерде орналасқан ақпараттық стендтермен және клиенттерге арналған үстелдермен жабдықталған.
Қызметкерлер мен клиенттердің қауіпсіздігі мақсатында барлық үй-жайлар өртке қарсы жүйемен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Үй-жайға кіру және шығу (авариялықты қоса алғанда) тиісті белгілермен жабдықталған.