Сапа менеджменті жүйесі
Сапа менеджменті жүйесінің қолдану аясы және ұйымдық Контекст
«Астанаэнергосбыт» ЖШС компаниясында (бұдан әрі – ЖШС) сапа менеджменті жүйесі (бұдан әрі – СМЖ), ISO 9001:2015 стандарты енгізілді.
ЖШС-ның қолданыстағы СМЖ бекітілген Сапа саласындағы саясатқа сәйкес келеді, ол ЖШС басшылығының мына салаларындағы негізгі стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін анықтайды:
- көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
- еңбек жағдайларын жақсарту және персоналдың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету;
- ЖШС қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- тұтынушылардың және барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
ЖШС қызметі мемлекет тарапынан реттелетін электр және жылу энергиясы нарығы жағдайында жүзеге асырылады. Қызметтің шарттары тиісті заңнамалық актілермен реттеледі.
Одан басқа, компанияның қызметі әлеуметтік салаға (оған ЖШС қызметкерлері де кіреді) маңызды әсер етеді.
Компания қызметінің мақсаты – қажетті уақытта тиісті сападағы электр және жылу энергиясын сату бойынша қызметтерді көрсету, табыс әкелу және оны компанияның әлеуметтік мәселелерін шешу, іскерлік серіктестік қатынастарының жоғары деңгейіне жету үшін акционерлер мен қызметкерлердің мүдделеріне пайдалану арқылы тұтынушыларды және басқа да мүдделі тұлғаларды қанағаттандыру. Негізгі қызметі – Астана қаласының тұтынушыларына жылу және электр энергиясын сатып алу және сату, коммуналдық қызметтерді есептеу және төлемдерді алу. ЖШС-ның СМЖ электр және жылу энергиясын сату бойынша қызметтерді көрсету кезінде қолданылады және компанияның барлық бөлімшелері мен қызметкерлері үшін жарамды.
ЖШС-ның СМЖ әрекет етуінің келесі орындарда қолданысы бар:
- Астана қаласы, Б. Момышұлы даңғылы, 4/1 үй.
- Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 6 үй.
- Астана қаласы, Абылайхан даңғылы, 49 үй.
- Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1 үй.
- Астана қаласы, Әйтеке би көшесі, 3 үй, А блогы.
Ұйым туралы ақпарат
Атауы |
«Астанаэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
Мекенжайы |
010000 Астана қаласы, Б. Момышұлы даңғылы, 4/1 |
Телефон |
Қабылдау бөлмесі: (7172) 91-85-10; 91-85-05 |
|
Басшылықтың сапа менеджменті жөніндегі өкілі: «Астанаэнергосбыт» ЖШС бас директоры |
Е-mail |
|
Заңдық мәртебесі |
«Астанаэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңдық мәртебесі заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және ЖШС Жарғысына сәйкес жүзеге асырады, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі ақтау негізінде жұмыс істейді. |
|
«Астанаэнергосбыт» ЖШС өзінің қызметін мына мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады: энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуға 2009 жылғы 14 шілдедегі № 0001707 лицензия. |
|
Құрылымы мен штат кестесін бас директор бекітеді.. |
|
Меншік нысаны - жеке. |
ISO 9001:2015 сертификаты орыс тілінде,