Кадр саясаты және әлеуметтік бағдарламалар
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС қызметінің басым бағыттарының бірі – кадрларды іріктеуді жетілдіруге, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, бастамашыл қызметкерлердің кәсіби өсу мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған кадр саясаты.
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС-ның кадр саясаты келесі принциптерге негізделген: конкурстық негізде бос лауазымдарға орналасу процесінің ашықтығы мен айқындығы; кәсіби құзіреттіліктің құндылығы, мамандарды кәсіби даярлауға үлкен көңіл бөлінеді; дамуға бағытталу – оның ішінде тұлғалық, кәсіби, білім беру; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.
Кадрлық резерв
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС-да кадрлық резервті қалыптастыру кезінде мыналар ескеріледі: үміткерлердің кәсіби және жалпы білім деңгейі, олардың ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттері, жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік сезімі, мақсатқа талпынушылығы, бастамашылығы, жұмыс істей білуі, негіздеу және дербес шешімдер қабылдауы, кандидат резервке алынатын лауазымға қойылатын біліктілік талаптары, әрбір нақты жағдайда қажет арнайы білімі мен тәжірибесі.
Персоналдың біліктілігін арттыру
Қызметкерлерді оқытудың үздіксіз процесі «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС кадрлық әлеуетін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Персоналды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың ағымдағы бағдарламалары өткізу компаниясының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жас мамандар
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС жыл сайын Еуразия гуманитарлық институты колледжінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің және қаланың басқа да оқу орындарының студенттерін қабылдайды. Студенттерге арналған өндірістік практика еңбек нарығында бағыт алуға және болашақ мамандықта өзін табуға мүмкіндік беретін оқу үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің компания әлеуетті қызметкерлермен жақынырақ танысуға және кәсіпорынға жас перспективті кадрларды тартуға мүмкіндік алады.
Әлеуметтік бағдарламалар
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС әлеуметтік бағытта бизнесті жүргізуге бағытталған компания болып табылады.
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары:
Энергетиктердің мәдени мұрасы мен дәстүрін сақтау, энергетиктердің отбасы мүшелерін тарта отырып Компанияның еңбек ұжымында дене шынықтыру мен спортты дамыту; Әлеуметтік демалыс беру; Қызметкерлердің денсаулығын сақтау, ауруларды алдын алу және қызметкерлерге медициналық көмек көрсету, операция кезінде және операциядан кейінгі қалпына келтіру кезінде материалдық көмек көрсету, жазатайым жағдайлардан сақтандыру, жақын туыстары қайтыс болған жағдайда жерлеуге қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету;
Компанияның жұмыс істемейтін зейнеткерлері мен ардагерлеріне материалдық қолдау көрсету;
Мерейтойлар мен мерекелерге әлеуметтік сыйлықақылар: Қарттар күніне, 8 наурызға, Энергетик күніне;
Қатты мұқтаж қызметкерлерге және өзгелерге материалдық көмек көрсету;
Қызметкерлерді қызметтік сапарға және іссапарға жіберу кезіндегі шығындарға қосымша өтемақы.
Бос орындар
Осы бетте «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС-ның ашық бос жұмыс орындары жарияланған. Қазіргі уақытта бос жұмыс орындары жоқ болса, Сіз Компанияның бос орындар қорына Сіздің кандидатураңызды қосу үшін түйіндемеңізді жібере аласыз. Сіздің хатыңызда ағымдағы немесе ықтимал бос жұмыс орнының атауын көрсетуіңізді сұраймыз, сондай-ақ біздің ізденуші Сауалнамасын пайдалануды ұсынамыз.
Ашық бос орындар:
Басшының хатшысы
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС қызметкерлермен жұмыс жасау жөніндегі бөлім:
Телефон: 8 (7172) 91-85-30
Өткізу басқармасының Сервис орталықтарына бақылаушы
Міндеттері: ыстық сумен жабдықтауды есепке алу құралдарынан көрсеткіштерді алу, борышкерлерді хабардар ету.
Біліктілік талаптары: арнайы орта білім, жұмыс тәжірибесіз болады
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін.
Жалпы ақпарат:
Жалақысы әңгімелесу кезінде айтылады
Байланыс телефондары: + 7 701 519 03 99, +7 (7172) 91-85-29
Түйіндемені мына электрондық поштаға жіберуге болады: AMukasheva@aesbyt.kz