«Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтында заңды және жеке тұлғаларды тіркеу
«Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтында заңды және жеке тұлғаларды тіркеу (нұсқаулық)
АЭС ЖК-дегі корпоративтік сайтта тіркеу рәсімін оңайлату үшін ЗТ немесе ЖТ тұтынушысының түрі абоненттің нөміріне/жеке шотына байланысты емес, яғни тұтынушы ЖК-да авторизациядан кейін абоненттің нөмірін/жеке шотын баптайтын болады. Ол үшін «тіркеуді» басып белгілеу керек.
1. Электрондық мекенжайдың деректерін толтырып, пароль ойлап табу керек, әрі қарай «тіркеуді» басып белгілеу керек
- Осыдан кейін тіркеу аяқталады, ал пайдаланушыға көрсетілген электрондық мекенжайға сілтеме жіберіледі, ол бойынша аккаунтты белсендіру қажет болады
- Деректер расталғаннан кейін өз аккаунтыңызға кіруге болады
- Міне, осылайша
5. Әрі қарай өз деректеріңізді толтырып, оларды сақтап қою қажет
- Кейін тұтынушының тұтыну түріне байланысты заңды және жеке тұлға ретінде жеке шотты құру мүмкіндігі бар
- Жеке тұлғаның жеке шотын қосу:
-
АЭС абонентінің нөмірі (6 санға дейін) міндетті болып табылады, жеке кабинеттегі БЕО нөмірі (7 санға дейін) АЭС нөмірін теру кезінде автоматты түрде беріледі. Бұл ретте тұтынушының жеке шотында өткен соңғы төлем сомасы растау болып табылады. Тұтынушыға қызметтердің кез келген біреуіне төлемді көрсету мүмкіндігі берілетінін атап өту керек.
- Жеке тұлғаның жеке шоты қосылды. Назарға алыңыз: бір абонент бір жеке шотқа теңестіріледі
- 3 Жеке тұлғаның тұтынушысы берешек туралы ақпаратты тексеруге, ыстық сумен жабдықтау бойынша көрсеткіштерді енгізуге, олардың жеке кабинет арқылы берілу тарихын тексеруге мүмкіндігі болады
- Заңды тұлғаның жеке шотын қосу
- шарттың нөмірі емес, абоненттің нөмірі (шот-фактурада 19-тармақта қосымша мәліметтерде көрсетілген) міндетті болып табылады. Бұл ретте құқық белгілейтін құжаттары салынған файлдар заңды тұлға үшін растау болып табылады
- Осыдан кейін өтінім 3 күнге дейін өңделеді.
- Деректерді тексергеннен кейін пайдаланушыға өтінімді қабылдамау немесе растау туралы хабарлама жіберіледі..
- Егер «қабылданбаған» жағдайда хабарламада көрсетілген түсініктемелерге сәйкес қайта тіркеуден өту қажет. Егер «расталған» жағдайда жеке кабинетте жұмысты жалғастыруға болады.