Берешек себебімен ажыратылған электр энергияны қайта қосу туралы
Сіз электр энергиясы бойынша қарызыңыз туралы хабарлама алдыңыз ба? Сіз оны ескермей, шотыңызды төлемедіңіз, ал енді электр энергиясы істен ажыратылды ма?Не істеу керек?
- Біріншіден, қарызды толығымен өтеңіз.
- Екіншіден, жақын жердегі «Астанаэнергосбыт» ЖШС сервис орталығына жолығыңыз. Онда қарызды өтеуді растайтын құжаттарды қоса беріп, электр энергиясын қосуға өтініш жазыңыз. Сізге осындай өтінішті сондай-ақ info@aesbyt.kz электрондық поштаға да жіберуге болады. Қарызды өтеуді растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса беріңіз.
Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шартының 4-тарауының 7-1-тармақшасына сәйкес электр энергиясын беруді қайта қосу тұтынушы өтініш бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құрметті тұтынушылар! Электр энергиясының істен ажыратылмауы үшін сіздерден электр және жылу энергиясының қызметтерін уақтылы төлеуіңізді сұраймыз.