Тұтынушылардың өтініштері үшін электрондық пошта
«Астанаэнергосбыт» компаниясына электрондық түрде өтініш жазғыңыз келе ме? Хатты info@aesbyt.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
Айта кетейік, info@aesbyt.kz электрондық мекенжайына тұтынушылардан келіп түскен барлық хаттар міндетті түрде тіркеледі. ҚР ӘРПКнің 76-бабының 1-тармағына сәйкес жауап 15 жұмыс күні ішінде беріледі.
Өтініште не болуы керек?
Абоненттің толық аты-жөні, мекенжайы, Астанаэнергосбыттағы жеке шоттың нөмірі, байланыс телефоны;
Өтініштің мәні;
Абоненттің немесе оның өкілінің қолы, өтініш берілген күні.
Қызметтердің ақысы бойынша түсініктемелер үй иесіне берілетінін ескеріңіз. Ақпарат үшінші тұлғаға меншік иесінің сенімхаты негізінде ғана беріледі.