Келісім комиссиясының мүшелері үшін ұйымдастырылған оқыту
Еңбек дауларын қалай тиімді шешуге болады? ҚР Еңбек кодексі жаңалықтарының ерекшеліктері қандай? Осы және басқа да тақырыптар бүгін Астанаэнергосбыт келісім комиссиясының мүшелері үшін ұйымдастырылған оқыту барысында талқыланды.
Айта кетейік, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорында тұрақты жұмыс істейтін келісім комиссиясы құрылды. Оның құрамына қызметкерлер мен жұмыс берушінің өкілдері тең арақатынаста кірді. Жеке еңбек дауларын міндетті түрде келісу комиссиялары, ал шешілмеген мәселелер не келісу комиссиясының шешімін орындамау бойынша – сотта қарайды. Комиссияның міндеті: келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу арқылы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешу.
Оқытуға келісу комиссиясының 8 мүшесі және резервтік топтың 12 мүшесі қатысады. Семинар Республикалық біліктілікті арттыру және даярлау орталығының мамандарымен онлайн режимінде қашықтықтан өткізілді.