«Астанаэнергосбыт» ЖШС-да Қайта сертификаттау аудит нәтижесі туралы ақпарат
ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес 2023 жылдың қыркүйегінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС-да Қайта сертификаттау аудиті жүргізілді.
Аудит ISO 9001:2015 халықаралық стандарты талаптарының сәйкестілігіне жүргізілді.
Аудит нәтижелері бойынша Қоғамның қызметі туралы келесі қорытындылар жасалды:
Компания Халықаралық стандарттарға жақындай отырып, өз клиенттеріне қызмет көрсету деңгейін үнемі жақсарту саясатын ұстанады. Сапа менеджменті жүйесі сыртқы немесе ішкі жағдайлардың өзгеруіне қарамастан көрсетілетін қызметтердің тұрақты жоғары сапасын қамтамасыз етуге, Астана қаласының тұрғындарына жылу және электр энергиясын жүзеге асыруға байланысты келеңсіз жағдайларды болдырмауға, коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді есептеу мен жинауға мүмкіндік береді.
Елорданың әрбір тұрғыны энергиямен жабдықтаудың жеке шарттарын жасасу, тұтынылған энергия ресурстары үшін төлем шоттарын салыстыру, сондай-ақ Компания көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен хабарласа алады.
«Астана қаласының тұрғындарына жылу және электр энергиясын сатып алу және сату, коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді есептеу және жинау» қызметі саласында Компанияның сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі 2023 жылғы 28 қарашадағы № 01 100 2026504 ISO 9001:2015 сертификатпен расталды.